Биыл - Әлия Молдағұлованың туғанына -100 жыл. Ақтаудағы "Әлия" балабақшасының ашылғанына 10 жыл. Қос мерейтойға орай бөбекжай ұжымы "Батыр рухы мен балалық шаттық тоғысқан мекен" атты мерекелік шара өтті. 10 жыл ішінде балабақшадан 755 түлек мектепке қадам басты.