Қазақстанның құрметті журналисі, телеарна ардагері Қожахмет Демеубергенұлы 75 жасқа толды. Ол Маңғыстау телеарнасындағы "Қамшы" бағдарламасы арқылы өлке жұртына кеңінен таныс. Бағдарлама барысында журналистің сын садағына қоғамдағы кемшіліктер мен келеңсіздіктер ілінді.