Ақтауда Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында анестезиологтар мен реаниматологтар үшін халықаралық мастер-класс өтіп жатыр. Үш күн бойы Мәскеуден келген жетекші мамандар өңір дәрігерлеріне жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балаларға респираторлық қолдау көрсетуге заманауи тәсілдерді үйретеді.