Маңғыстау облысындағы Дәулет ауылдық округының тұрғындары жол мәселесіне қатысты шағымдарын айтып, редакциямызға хабарласты. Айтуларынша, жауын-шашын күндері тобықтан, кейде тізеден лай кешіп, аяқтарына палителен пакетін орап алып жүруге мәжбүр.