Ақтау қаласында көлік қозғалысын оңтайландыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жол құрылысы мен инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазір қаланың көлік жүйесін дамыту аясында «Нұрас» жанар-жағармай станциясынан Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі жолды жаңарту жобасы іске асырылып жатыр.