“Қой қоздап, түйе боздап қорада шу” дегендей, қазір елде төрт түлік төлдеп, ақ молайған шақ. Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылының тұрғыны Әліпбай Сүгіровтың екі түйесі боталады. Алда тағы оннан астам түйе боталауы мүмкін.