Ғасырлар сырын сақтаған қақпан. Қызылсайлық аңшының атасынан қалған бұл көне жәдігерге жүз жылға жуық уақыт болған. Ою - өрнекпен әсемделген бұйым - қазақтың дәстүрлі аңшылық мәдениеті мен шеберлік өнерінің айқын айғағы.