Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі 1014 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан 9 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынылады. Солардың бірі - жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе оны жою туралы анықтама ұсыну қызметі.