Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтеді. Айтулы оқиғаға орай бөлім ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, қызметтің сабақтастығы мен дамуы туралы сөз қозғалды.