Қалада бір топ ата-ана мектеп-интернатына оқу ақысы ретінде төлеген қаражатын қайтара алмай жүр. Себеп - жарнамада уәде етілген талаптардың ешқайсысы орындалмаған. Бұл жағдай дабырлы жарнамамен ашылған «Маңғыстау батыр академиясына» қатысты.