Түпқараған ауданы, Қызылөзен ауылында өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Нысан Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ауыл құтқарушылары" бағдарламасы бойынша салынды. Енді мамандар тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды және іргелес аумақтарды қорғауды қамтамасыз ете отырып, шақыртуларға жедел жете алады.