Қарақия ауданында Мемлекет басшысының жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға 200-ден астам бала қатысты. Ауданның әр елді мекенінен жиналған оқушылар үшін қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көңілді қойылымдар көрсетілді.