Сап түзеген сарбаздардың арасынан оны алыстан-ақ тануға болады. Ең бойшаң қатардағы жауынгер Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында азаматтық борышын өтеп жүр. Әлішер Назымбектің айтуынша, әскерде бастысы - бойдың биіктігі емес, мінездің беріктігі, жауапкершілік пен темірдей тәртіп.