Өңірдегі төрт түлік малдың 40 пайызы Маңғыстау ауданына тиесілі. Ауданда агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі - шаруа қожалықтарына жер телімдерін беру бастамасы. Қазіргі таңда 200-ге жуық азаматқа конкурс негізінде жер берілген.