Ақтауда бір топ үлескер баспанамыздың кілтін ала алмай жүрміз деп шу шығарды. Айтуларынша 29-шы А шағынауданында салынып жатқан «Мұнара» тұрғын үй кешеніне қалталарындағы соңғы тиын-тибендеріне дейін құйған. Алайда құрылыс жұмысы белгіленген мерзімде аяқталмай, кілтті тапсыру мерзімі бірнеше рет кейінге шегеріліпті.