Енді жасанды интеллект көмегімен инсультті ерте анықтауға болады. Облыстық ауруханадағы инсульт орталығында “Cerebra” жүйесі іске қосылды. Бұл - Президенттің былтырғы жолдауында айтылған "еліміз 3 жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналуы тиіс" деген тапсырмасы аясында орындалды.