Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу қарастырылып жатыр. Тіпті, осы мәселеге қатысты заң жобасы талқылауға шығарылмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Министрдің сөзінше, бастама құрылтай мүшелерінің ұсынысы.