Жыл басынан бері Бейнеу ауданында 2 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам түрлі дәрежеде жарақат алып, 5 адам қаза тапқан. Осыған байланысты жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында республикалық маңыздағы «Ақтау - Бейнеу - Атырау» автожолында «Жолда қабылдау» атты профилактикалық акциясы ұйымдастырылды.