Бүгін, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Кеңесте Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың 5-отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды. Жиын барысында Ұлттық құрылтай жұмысына тікелей қатысқан Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Уайс Ерсайынұлы құрылтайда көтерілген негізгі мәселелер мен Президент тапсырмаларының мазмұны туралы баяндады.