Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздар ата-аналарымен кездесті. "Әскер аналар көзімен" акциясы аясында 6656 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен балаларын көруге асыққан ата-аналар жиналып, әскердің қыр-сырына қанық болды.