Балаларды психологиялық диагностикадан өткізіп, тексеру бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жоба балалар арасындағы тәуекелдерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған.