Ақтауда пайдаланылмай жатқан бірқатар жер учаскесі анықталды. Олар: 11-шағын ауданындағы «Ынтымақ» алаңы маңындағы жер телімі, 1-шағын ауданда кеңсе ғимаратын жобалау, салу және пайдалануға бөлінген жер, сондай-ақ 27-шағын ауданда №19 үй маңындағы және 4-шағын аудандағы №59/1 жер учаскеслері осы уақытқа дейін игерілмеген.