Маңғыстау ауданында "Тұрмыс" жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім тұлғаларды анықтап, отбасылық жанжал орын алған мекенжайларға профилактикалық тексеру жүргізді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қорғау нұсқамаларын шығарып, есепте тұрғандарды бақылауға алды.