Өткен жылы облыста жол көлік оқиғасынан 700 -ден астам бала жарақат алған. Ал биыл бір айда 20 бала зардап шеккен. Балалардың қауіпсіздігіне көлік жүргізушілермен қатар балалар да жауапты. Ал ол үшін балабақша мен мектептерде жол қауіпсіздігі туралы жиі айтылады.