Өңірдің туризм саласын дамыту үшін цифрлық және инновациялық жобаларды енгізу керек. Ол үшін цифрлық орталық құрылады. Бұл шаруамен облыстағы туризм колледжінің ұжымы айналысады. Жаңа инновациялық жобаны таныстыру үшін бүгін осы коллежде "New tourism college": дамудың заманауи сатысы облыстық форумы өтті.