Өткен жексенбіде Атамекен ауылында ауыл әкімін сайлау өтті. Ауыл тұрғындары өз таңдауын жасады. Жалпы ауылдық округте сегіз сайлау учаскесі жұмыс істеді. Барлығы 4 үміткер сайлауға түсті. Оның біреуі Аманат саяси партиясынан қалған үшеуі өзін - өзі ұсынғандар.