Ақшұқыр ауылында 14 балалар бақшасы бар. Мұнда 1050-ден аса балдырған тәрбиеленіп отыр. Ақшұқыр мектеп-гимназиясы 2020-2021 оқу жылы ашылды. Білім беру ұйымының дені жас мамандар. Кәсіби білікті, жаңалыққа жаны құмар, креативті ұстаздар. Қазір арнаулы оқу орнында 81 мұғалім, 800-дей оқушы білім алады.