"ҚазАзот" кәсіпорнында жаңа Конституцияны талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті. Отырысқа ұжым қызметкерлері, саяси партия өкілдері, депутаттар мен сарапшылар қатысты. Басқосуда, заңның негізгі бағыттары егжей - тегжейлі талқыланып, еңбек ұжымын толғандыратын сұрақтарға жауап берілді.