Ақтауда Юнисеф бастамасымен Жастар хабы ашылды.Бұл - еліміздің батыс өңіріндегі алғашқы әрі әзірге жалғыз осындай кеңістік. Хаб жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, еріктілік қозғалысты дамытуға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.