Кендірліде Баку үлгісінде курорт салынады. Оны Әзербайжандық миллиардердің ұлы Эмин Агаларов жүзеге асырмақ. Болашақ курорттың жобасы әлі әзірленбеген. Бірақ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов жоба құжатының мамыр айына дейін таныстырылатынын айтты.