Қаракөлге қоқиқаздар келді. Күз бен көктемде көлді қызғылт түске бояйтын сұлу бейне қоқиқаз биыл Ақтауға ертерек келді. Жылы көлге қонып, судың шаяны мен шіркейін қорек етіп жатқан құстарды қазір қаумал инспекторлары қарауылдап жүр.