Маңғыстауда елде теңдесі жоқ, күкіртсутегіне төзімді құбырлар шығаратын зауытта жергілікті жұмысшылар еңбек етеді. Кәсіпорын басшылығы оларды шетелде оқытып, әлемдік деңгейдегі өндірістерде тәжірибеден өткізген. Бүгінде сол бағдарламамен білім алған жұмысшылар өз ісінің білікті маманына айналды.