Жаңа конституцияның маңызы көпшілікке әлі де түсіндіріліп жатыр. Облыстық коалиция мүшелері Ақтау сауда орталығындағы кәсіпкерлер мен тұрғындарға Ата заңдағы өзгерген баптар жөнінде баяндады. Азаматтардың алдағы референдум мен құқықтық құжатқа қатысты сұрақтарына жауап берді.