Сайын Шапағатов ауылы Түпқараған ауданынан 110, облыс орталығы Ақтау қаласынан 23 шақырым қашықтықта орналасқан.Аталмыш елді мекенде 2500 тұрғын үй,11500 халық саны бар.Ауылда 9 тіршілікті қамтамасыз ету нысаны халыққа қызмет көрсетеді.Оның ішінде: 1 дәрігерлік амбулатория, 1 автоматтандырылған телефон бекеті, газ тарату пункті орналасқан.