Маңғыстау өңіріне шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді.Бозжыра шатқалы Ұлыбританияның The Telegraph басылымының нұсқасы бойынша әлемдегі ең әсерлі он шөлейт ландшафттың қатарына енді.Шамамен 300 миллионнан астам оқырманы бар журналдың мәліметінше, Маңғыстау туралы жарияланған материал өңірге келетін туристер ағынын едәуір арттыруы мүмкін.Алайда танымалдықтың артуымен қатар, өңірдің ірі туристік маусымға дайындығы мәселесі де өзекті болып тұр.