Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында алимент өндіруге қатысты даулар алдыңғы қатарға шықты. Жыл басынан бері сот өндірісіне 242 әкімшілік іс түскен. Оның 113-і - сот орындаушыларының әрекетсіздігіне қатысты шағымдар екен. Яғни, бұл істердің едәуір бөлігі алимент өндіру мәселелерімен байланысты.