Бұрын мемлекеттік қызметке тұру үшін қағазбастылық пен ұзын-сонар кезек қалыпты жағдай еді. Қазіргі таңда бұл жүйе айтарлықтай жаңғыртылды. Енді мемлекеттік қызметші болу үшін интернетке қолжетімділік пен тиісті білім жеткілікті. Іріктеу процесі ашық әрі қолжетімді онлайн форматта жүзеге асырылады.