Теңіз жағалауындағы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына 3000 адам қатысқан. Ал көгалдандыру үшін 35 мұнай компаниясы 10 мың түп ағаш береді.Сондай-ақ, Саура, Ыбықты сай, Шерқала, Бозжыра секілді табиғи ескерткіштер аумағына ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.Биыл олардың барлығына инвентаризация жүргізіледі.Өңірдегі экология және табиғатты қорғау мәселелері бойынша орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында басқарма мамандары айтты.