Мал баққан шаруа үшін көктем - ең жауапты кезең. Өйткені бұл төл алу маусымы. Қазір шаруашылықтардың бәрінде қызу жұмыс жүріп жатыр. Қой қоздап, түйе боталап, тіршілік қайнап тұр. Төрт түліктің бабын тапқан шаруалар әр төлді аман-есен өсіруге бар күшін салып жатыр.