“Құқықтық тәртіп" атауы қарапайым естілгенімен, оның артында қоғамдық тыныштық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жұмыс жатыр.Жаңаөзендік тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде 80-нен аса құқық бұзушылықты анықтаған.Оның ішінде жол ережесін бұзу, түнгі тыныштықты сақтамау сияқты деректер тіркелген.Полицейлер көшелерде және қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту мақсатында тәулік бойы қызмет етуде.Қазір тәртіп сақшыларымен рейдте жүрген Жаңаөзендік әріптесім Райымгүл Махамбетова бізбен тікелей байланысқа қосылды.