7 сәуір - қазақстандық әскерилер үшін ерлік пен тағзым күні. Осыдан 31 жыл бұрын қазақстандық 17 жауынгер қаза тапты. Бүгін тәжік-ауған шекарасын қорғау кезінде қайтыс болғандарды "Сардар" қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен 6656 әскери бөлімінің сарбаздары еске алды. Ел тыныштығы жолында қызмет еткен жауынгерлердің ерлігін жас ұрпаққа насихаттады.