Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангалмен кездесті. Кездесу барысында тараптар көлік-логистика, өнеркәсіп, туризм, цифрлық технологиялар және мәдени-гуманитарлық байланыстар салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.