Бейнеу ауылында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Жобаны жеке кәсіпкердің қаржыландыруымен жүзеге асқан. Өндіріс орны жылына 2 миллион дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Материалға қажетті шикізат өңірдегі карьерден алынады. Қазір кәсіпорында 12 адам жұмыспен қамтылған.