«Бір шаңырақ астында» - бұл жай ғана сөз емес. Бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтар арасындағы бейбітшілік, достық пен өзара құрметтің белгісі. Маңғыстау облысында, еліміздің өзге өңірлеріндегідей, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.