Аралайық бағдарламасының бұл жолғы бағыты - Таушық ауылы. Әр өңірдің өзіне тән тыныс-тіршілігі, қайталанбас болмыс-бітімі, дара тұлғалары болады. Солардың бірі - Медина Орынбасарқызы. Ол жастайынан ағаш үй тігудің қыр-сырын меңгеріп, қолөнерге ерекше қызығушылық танытқан жан.