Бейнеуде 6 жыл бұрын ашылған өндіріс орны бүгінде қарқынды жұмыс істеп тұр.Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорында 50-ге жуық адам еңбек етеді. Арнайы цехта 27 түрлі өнім өндіріледі.Тәулігіне 7-8 тоннаға дейін сүт өнімі шығарылады.Шикізат ретінде Беларусьтен жеткізілетін құрғақ сүт қолданылады.Кәсіпорыннан әріптесім Гүлнұр Сапарова тікелей байланысқа қосылды.Гүлнұр, қазіргі таңда дайын өнімдер қай өңірлерге жіберілуде? Кәсіпкер жобасын кеңейту бағытында қандай жоспарлары бар?
Сүт өндірісі дамып келеді