Мұнайлыда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, мерекелік жиын ұйымдастырылды. Шараға қатысқан ардагерлер, әскери қызметшілер мен жастарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.