Ақтаулық каратэшілер республикалық сайыстан жеңіспен оралды. Спортшылар Астана қаласында киокушин-кан каратэден өткен жазғы Қазақстан оқушыларының гимназиадасында командалық есепте 1-ші орын иеленді. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жүздеген спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Каратэшілер жеңіспен оралды