Көлік коллекционері. Ақтаулық Асқар Керелбаевтың коллекциясында өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастау алатын сирек кездесетін көне көліктер бар. Бүгінде оның гаражында әрқайсысының өзіндік тарихы бар 7 бірдей раритет сақтаулы. Жылы ескі автокөліктер жай ғана темір емес - әрқайсысы өз дәуірінің айнасы, өткен уақыттың үнсіз куәгері.