Ақтауда «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауы өтіп жатыр. Сайысқа еліміздің 20 өңірінен 100 оқушы қатысуда. Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысушыларды құттықтап, республикалық деңгейдегі маңызды жобаның Маңғыстау өңірінде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті.